Меню KDT

logo.png?_=1675670069


КГУ "Бирлестыкская СШ" 
  • kz
  • Все новости

    Алғыс айту

    Алғыс айту

    Мектебімізде 22.02.-01.03.2019ж. аралығында рахмет пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында «Алғыс айту-парызым» тақырыбымен мектепке дейінгі бүлдіршіндер және 1-11 сынып оқушыларымен, ата-аналар және мектеп ұжымының қатысуымен іс-шаралар өткізілді. 5 сыныпта «Жаныңда жүр жақсы адам» атты өткізілген тәрбие сағатында Шокимов М.Т. ұйымдастырған әдіс-тәсілдер оқушыларды ынтымақтастыққа , бірлік пен ұйымшылдыққа үйрете түсті. Балалар алғыс айту, ризашылық білдіру қабілеттерін шыңдады.Аға жетекші Альжапарова М.Ж. оқушылармен бірлесе ауылдағы жалғызбасты ана Сугралимова Р.К. отбасына барып отын жарып, шатырдағы, ауладағы қарларды тазалауға көмектесіп зор алғысқа бөленді.
    14.03.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента