Бүгін жасөспірімдер мен кәмелеттік жасқа толмаған балалар арасында аудандық ОМПС полиция бастығы подполковник Уалиев Ернар Аскарұлы, Майор Абдрахманов Азамат Бельгибаевич және учаскелік инспектор лейтенант Мукеев Біржан Дауренбекұлы құқық бұзушылық, жол-көлік қауіпсіздік ережелерін, буллинг, кибербуллинг туралы ұғымдарын кеңейтіп, оларды сақтау, алдын алу және болдырмау шаралары туралы дәріс берді
"Оқырман мектеп " жобасы аясында жоспарға сәйкес аптаның әр бейсенбі күні бастауыш буын оқушыларымен бірге мектеп кітапханашысы Сарбиназ Байбатыровна "Бейсенбі ертегілері "тақырыбымен оқуды дамыту сағатын олардың жас ерекшеліктеріне, таным дағдыларына сай өткізіп отырады.
" Ана- өмірдің шуағы" тақырыбымен өткізген тәрбие сағатын Тургунбай Туякович өз тәрбиеленушілерімен ғажайып мейрамның тарихынан сыр шертумен бастады. Сынып оқушылары ақ жаулықты әжелері мен аяулы аналарын мерекелерімен құттықтап , өз өнерлерін ортаға салды
Көңілге көктем шуағындай сезім мен нұр құя келген осынау мерекенің қай кезде де орны бөлек екендігін Самал Кабашовна шәкірттер жүрегіне ұялатты. Әйел- адамзатқа ,Анаға деген ыстық сезім, құрмет әр тұлғаның сөйлеген сөзі мен арнаған жыр шумақтарынан есіліп тұрды.
"Рухан Жаңғыру" бағдарламасы аясында тарих пәнінің оқытушысы Айгуль Сарсенбаевна " Менің Қазақстаным" атты сыныптан тыс сғат өткізді. Жаhандық әлемдегі заманауи Қазақстандық мәдениет туралы айта отыра оқушы бойына туған жер тарихын терең зерделеу дағдысын ұялатты
Мақсаты:балаларды кішіпейілдікке үлкендерді сыйлауға,көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден арылуға баулу.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту.Оқушыларды әдептілікке,сыпайылыққа тәрбиелеу.
Мектеп кітарханасында "Алғысым шексіз баршаға" атты Сарбиназ Байбатыровна ұйымдастырған иллюстративті көрме оқушыларды мол мейірімділікке, қамқорлыққа жетеледі.