Мектепте тамақтану
Мектептегі тамақтану. Оқушылардың мектепте болған кездеріндегі ыстық тамақпен қамтылуы, олардың денсаулығын сақтауларына, жақсы оқуларына ықпал етеді. Оқушылардың көп уақыты метепте өтетіндіктен мектепте жақсы тамақтануды ұйымдастыру біріншіден олардың денсаулық деңгейін көтереді. Сол себепті өсіп келе жатқан жеткіншектердің дұрыс тамақтануы ең басты фактор болып саналады. Толық және құнарлы тамақтану әр түрлі аурулардың алдын алады, оқуда жұмыс атқару әрекетін арттырады, физикалық және ойлау қабілетінің дамуына, қазіргі өмірге бейімделуіне ықпал етеді.
14.03.2019
0