Ауған демократиялық Республикасынан Совет Армиясының шығарылуына 30 жыл толуы
Ауған демократиялық Республикасынан Совет Армиясының шығарылуына 30 жыл толуы
Бірлестік орта мектебінде 13.02.2019ж. күні Ауған демократиялық Республикасынан Совет Армиясының шығарылуына 30 жыл толуына байланысты 9-11 сынып оқушыларымен ерлік сабағы өткізілді. Сабақ барысында АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы Б.К. Аленов жарияланбаған соғыс тақырыбында әңгіме өткізді. Әңгіме барысында сол кездегі 18-20 жас аралығындағы боздақтардың бөтен жердегі интернационалдық борышын атқарудағы кескілескен шайқастардан мысалдар келтіріліп, қазақстандықтардың көрсеткен ерліктері жайлы айтылды. 11 сынып оқушысы Құлатай Нұрсұлтанның «Ауған соғысы жылдарындағы қазақстандықтар» тақырыбында баяндама оқылды. Баяндамада 10 жылға созылған соғыстың басталу себептері, келтірілген шығын көлемі, оның ішінде адамдар санығ әскери техника, бүлінген қару-жарақ және мерт болған солдаттардың деректері келтірілді. Сонымен қоса біздің жерлестеріміз Совет Одағының Батыры Саумалкөлдік Руслан Аушевтің ерлігі және 177 арнайы отрядтың командирі Б.Керімбаевтың ерлігі айтылды.
14.02.2019ж. күні Бірлестік орта мектебінің 2018 жылғы түлегі Қостанай Ішкі істер Академиясының І курс курсанты Қари Мейірбекпен 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріліп, болашақ құқық қорғау органының қызметкері ретінде мағлұмат алынды.
Атаулы іс-шара барысында сынып сағаттары, бастауыш және орта буын оқушылары арасында «Мен өз Отанымның болашақ қорғаушысымын» тақырыбында бейнелеу өнері туындылары көрмесі, мәнерлеп оқу сайысы, әскери-патриоттық әндер конкурсы, спорттық шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Оқушылар өз бойындағы ерлік қасиеттерін шыңдап, Отанға деген патриоттық сезімдерін арттырды.
14.03.2019
0