Нашақорлық-ғасыр дерті
Мектепте зиянды заттарды тұтынудың алдын алуға байланысты онкүндік өткізілді. Кітапханада «Нашақорлық-ғасыр дерті» атты бұрыш ұйымдастырылып кітапханашы Сарбиназ Байбатырқызы оқушылармен ұғындыру жұмыстарын жүргізсе, медбике Қарлығаш Джангелдіқызы 5-8 сынып оқушылары арасында оқушылардың өз ойларын дамыта, олардың көзқарасын қалыптастыра отыра дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аталмыш шарада мектеп психологі Азамат Сансызбайұлы, әлеуметтік педагог Кенжебай Әшімғалиұлы «Өзіңді өмір үшін сақта» атты бейнероликтер 8-11 сынып оқушылары арасында көрсетіп, талқыға салса, тіл мамандары Алмагүл Сұлтанқызы және Самал Қабашқызы оқушы ойларының «Ғасыр дерті» тақырыбындағы жазба жұмыстарын жүргізді. Онкүндік қорытындысы «Біз өмірді қалаймыз» атты спорттық шараға ұласты.
14.03.2019
0