1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай бүлдіршіндердің жеке қасиеттерін дамыту, бірін-бірі сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу мақсатында мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік шараны мектеп басшысы Ануарбек Кенжеболатұлы ашып, баршаны құттықтай отыра ізгі тілектер арнады. Аталмыш шараға 1-4 сынып оқушылары, бүлдіршін бөбектер, ата-аналар мен ұстаздар қатысты. Шара барысында балапан балдырғандар ән айтып, би билесе, қонаққа келген ертегі кейіпкерлері түрлі ойындар ойнатты. Жоғары сынып оқушылары мерекелік шеру жасап , халықтық домбыра ансамблі мерекелік концерт қойды.