9-желтоқсан Халықаралық жемқорлыққа қарсы
9-желтоқсан Халықаралық жемқорлыққа қарсы
9-желтоқсан Халықаралық жемқорлыққа қарсы күреу күніне байланысты ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен 26 қараша – 7 желтоқсан аралығында «Парасыз Солтүстік Қазақстан» акциясы өткізілуде. Осы акцияға байланысты Бірлестік орта мектебінде түрлі іс-шаралар: сынып сағаттары, тақырыптық линейка, баяндама және сыбайлас жемқорлықты әшкерелейтін оқушылардың қатысуымен әзіл-cықақ көрінісі өткізілді.
5-желтоқсан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған бірыңғай оқу сағаты өткізіліп, 11 сынып оқушысы Ермекбайұлы Ерсайын «Адал мекен – парасыз туған ел» тақырыбында баяндама оқыды. АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Б.К. Аленов оқушыларға жемқорлық көріністері туралы ақпарат берді. Көрсетілген фактілер бойынша жемқорлықтың көлемі қаржылай келтіріліп, оның залалдары мен зияндары болашаққа келтіретін зардаптары айтылды.
07.12.2018
0