БҰҰ бала құқығы туралы конвенцияның қабылданғанына 30 жыл,ҚР ратификациялануына 25 жыл толуына орай Бірлестік орта мектебінде Дүниежүзілік балалар күніне байланысты ата-аналар жиналысы өткізіліп,әлеуметтік педагог бала тәрбиесі баланың құқығы және оны қорғауға негізделген Конвенция жайында түсініктеме жүргізді.1-11 сыныптарда «Отбасы-тәрбие басы,Мектеп- тәрбие жаршысы» тақырыбына сынып сағаттары өткізілді. «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбына қазақ тілі пәнінің мұғалімдері 5-9 сынып оқушыларына эссе жаздырды.Мектебіміздің психологы Қасымов А.С. 9-10-11 сыныптарға «Мен
Мектепте 2019 жылдың 15-16 қазан күндері оқушы бойына үнемшілдік, ысырапшылдыққа жол бермеу қасиеттерін сіңіру және қадір-қасиет дағдыларын дамыту мақсатында сыныптарда түрлі формаларда іс-шаралар өткізілді. Мектеп жанындағы шағын орталық бүлдіршіндерімен тәрбиеші Аубакирова Г.К. «Ас атасы-нан» атты танымдық ойын-сабақ, 1 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Рахимжанова Ж.М. «Нан болса ән де болады » атты тәрбие сағатын , 5-7 сынып балаларымен аға жетекші Альжапарова М.Ж. «Нан..., Нанға...., Нанмен» тақырыбымен топтық сайыс, музыка жетекшісі Камалиева Г.Т.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында мектебімізде мектеп кітапханашысы Сарбиназ Байбатырқызының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында осы жоба бойынша дайындалған алғашқы кітаптар таныстырылды. Жаңа оқулықтардың эксклюзивті гуманитарлық кітапхана екендігі , электрондық онлайн нұсқада балаларға қарауға болатындығын атап айтты. Аталмыш шараға мектеп басшысы Ануарбек Кенжеболатұлы және балалар ұйымының жетекшісі Марал Жетписбаевна қатысты.
Бірлестік орта мектебі КММ жанындағы шағын орталықта екінші кіші топ бүлдіршіндерінің қатысуымен Егеменді елдің ертеңгі болашағының іргесін берік ететін қазақ қыздарының бойында мәдениеттілік, әдептілік, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру, табиғатты аялап суюге тарбиелеу мақсатында "Кішкентай ханшайым" атты ертеңгілік өткізілді. Аталмыш шараға ата- аналар мен ұстаздар катысты.