Ата аналарға, мектеп оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты әңгіме түрінде кездесулер өткізілді . Мектептегі әлеуметтік педпгог тарапынан оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау, олардың оқу- тәрбие үрдісіне жауапкершілікпен қарау міндеттері айтылды.
" Қайырымды істер марафоны" жалпыұлттық жобаны іске асыру аясында бірқатар іс шаралар өріс алды. Жеке тұлға бойында еңбек мәдениетінің қалыптасуы тереңдеп, қамқорлыққа үйрену жолында "Жас Ұлан" мүшелері жалғызбасты зейнеткерлерге барып олардың ішкі және сыртқы жұмыстарына көмектесті.
Балалар үй құстары мен жануарларына деген қамқорлыққа үйреніп, шаруашылыққа икемделе кәсіпке бағдарлану жолында оларға азықтарын беріп, қайырымды іс жасап ата аналарына көмектесті
Мақсаты:білім алушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды насихаттау және қалыптастыру,оқушылардың бойында жеке тұлғаның негізін құрайтын адамгершілік нормаларына оң көзқарас қалыптастыру олардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру.
Бір сыныптың оқушылары өз алғыстарын қара сөзбен , өлеңмен өрнектеп жеткізсе Азамат Сансызбаевичтің шәкірттері жүректерінен шыққан бейнелеу өнерінің тылсым керемет бейнелері арқылы шексіз алғыстарын көрсетті
9 сынып жетекшісі Самал Кабашовна өз тәрбиеленушілеріне ынтымақтастық пен бірлік, сыпайылық қарым қатынасының үлгілерін айта отыра оларды ізеттілікке тәрбиелеп тәрбие сағатын өткізді. Жеткіншектер терең ұғына отыра өз Атамекеніне, достары мен ұстаздарына деген алғыстарын білдірді.